ПОДЕЛИТЬСЯ
29 желтоқсан 2021 | 15:59
Ішкі істер министрінің жалақысы аталды
Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен оның орынбасарларының жалақысы аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен оның орынбасарларының жалақысы аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Министрдің еңбек өтілі мен атағын есепке алғанда, үстемеақысыны қосқанда жалақысы - 1,3 миллион теңге. Орынбасарларының да еңбекақысы еңбек өтілі мен шеніне байланысты бір миллион теңгеге жуық", - деді Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
Ішкі істер министрлігі 2021 жылы ведомство басшылығының жалақысы өспегенін атап өтті.
Бұған дейін ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пен төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қанша жалақы алатынын айтқан болатын. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да жалақысын айтқан.
Ал Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қанша жалақы алатынын айтудан бас тартқан еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также