07 желтоқсан 2021 14:23

Әкім Сапарбаев жалақысы қанша екенін жария етуден бас тартты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:gov.kz Фото:gov.kz

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалақысы қанша екенін жария етуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жалақысы қанша екенін жария етуден бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында журналистің сауалына жауап берген аймақ басшысы оның жалақысының басқа облыс әкімдерінің жалақысынан еш айырмашылығы жоқ екенін айтты.

"Бұл сұрақ әріптестеріме бірінші мәрте қойылып тұрған жоқ. Қайталап айтамын, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы еңбек өтіліне байланысты Үкімет қаулысы негізінде белгіленеді. Мен әріптестеріммен бірдей жалақы аламын", - деді Сапарбаев.

Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев та жалақысын жария етуден бас тартқан болатын. Бірақ кейінірек облыс басшысының баспасөз қызметі 22 жылдық еңбек өтілін ескере отырып, Ноғаевтың айына 1 миллион 977 мың 890 теңге алатынын хабарлады.

Сонымен қатар, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жалақыға қатысты сауалға жауап берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети