22 мамыр 2014 | 11:38

ШҚО әкімі аппаратының іс басқармасы шамамен 24 млн теңгеге көлік сатып алу туралы хабарландыруды алып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото nnm.ru сайтынан алынды Фото nnm.ru сайтынан алынды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының іс басқармасы мемлекеттік сатып алу сайтында орналасқан 23 952 678, 57 теңгеге автокөлік сатып алу туралы хабарландыруды алып тастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыс әкімдігі аппараты іс басқармасының директоры Қадырбек Сапарғалиев мәлім етті.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының іс басқармасы мемлекеттік сатып алу сайтында орналасқан 23 952 678, 57 теңгеге автокөлік сатып алу туралы хабарландыруды алып тастады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыс әкімдігі аппараты іс басқармасының директоры Қадырбек Сапарғалиев мәлім етті.

20 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысының шенеуніктері шамамен 24 миллион теңгеге көлік сатып алу қажеттігін сайтта жариялаған болатын. Осы ретте әкімдік Tengrinews.kz тілшісіне бұл техникалық қателіктен болды деп хабарлаған. "Маманның кесірінен техникалық қателік орын алды. Бұл қаражатқа Қазақстанда шығарылған төрт автокөлік сатып алу ұйғарылған. Негізі мемлекеттік сатып алу жоспарын орналастыру кезінде техникалық қателік кеткен. Бұл хабарландыру алынып тасталады. Қателікке бой алдырған қызметкер жауапкершілігінің деңгейі анықталуда", - деді Қ.Сапарғалиев.

Материал жазылып жатқан кезде де хабарландыру бұрынғысынша мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланып тұрды. Бұдан бөлек Tengrinews.kz мамыр айында мемлекеттік сатып алу сайтында 353 миллион теңгеге автокөлік сатып алу туралы алты лот (лот - аукционда не биржада сатуға қойылған тауар) орналастырылғанын хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети