06 мамыр 2015 | 17:04

ШҚО әкімі ардагерлерге 500 мың теңгеден үйлеріне апарып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© taminfo.ru © taminfo.ru

ШҚО әкімі ардагерлерге 500 мың теңгеден үйлеріне апарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ШҚО әкімі ардагерлерге 500 мың теңгеден үйлеріне апарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО Ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, Жеңістің 70 жылдығына орай, ШҚО ардагерлеріне түрлі деңгейдегі бюджет көздерінен 500 теңгеден бір мезеттік ақшалай төлем табысталды. Мерейтой қарсаңында ШҚО әкімі Даниал Ахметов ардагерлерді үйіне барып құттықтап, қарттарға сыйлықты табыс етті.

"Аймақ басшысы Жанақ Тұрғұмбаев пен Алексей Еремеевтің үйіне барып, ардагерлерге арналған сыйлықты табыстады. Қарттардың мереке алдындағы көңіл-күйі көтеріңкі. Қос ардагер аймақ басшысымен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолдары жайлы сыр шертті", - делінген орталықтың хабарламасында.

Айта кетейік, Жанақ Тұрғұмбаев Беларусь, Балтық жағалауы майдандарында жаяу әскер полкі құрамында барлаушы болған. Отты жылдары ауыр жараланып, елге қайтқан. Соғыстан кейінгі жылдары темір жолда еңбек еткен ардагер екі "Қызыл жұлдыз", ІІІ дәрежелі "Құрмет", ІІ дәрежелі "Отан соғысы" ордендерінің, "Германияны жеңгені үшін", "Варшаваны азат еткені үшін" медальдарінің иегері.

Ал 1926 жылы өмірге келген Алексей Еремеев майдан жолын Балтық жағалауында жүріп өткен. Иелгава, Рига қалаларын азат етуге ат салысқан ардагер соғысты Лиепая қаласында аяқтаған. 1950 жылы елге қайтып, құрылыс мекемелерінде еңбек еткен. Абыройлы ардагер ІІ дәрежелі "Отан соғысы" орденінің, "Германияны жеңгені үшін", "Ерлігі үшін" мерейтойлық медальдарімен марапатталған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети