04 мамыр 2018 | 10:52

ШҚО әкімінің бірінші орнбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Аймұқашев. © yk-news.kz Ерлан Аймұқашев. © yk-news.kz

Шығыс Қазақстан облысы Даниал Ахметовтің өкімімен ШҚО әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Ерлан Қапарұлы Аймұқашев тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысы Даниал Ахметовтің өкімімен ШҚО әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Ерлан Қапарұлы Аймұқашев тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа орынбасарды облыс әкімдігі активіне Даниал Ахметов таныстырды. Ерлан Қапарұлы 1970 жылы 18 наурызда Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодар педагогикалық институтын және Павлодар университетін "Экономист-менеджер" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Мемлекеттік қызметте еңбек жолын 2000 жылы Павлодар облысы әкімі істері басқармасының хаттамалық іс-шаралармен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметінен бастаған. 2001 жылдың желтоқсанынан Павлодар облысының туризм және спорт департаментінің бастығы, кейін Павлодар облысы әкімінің көмекшісі міндетін атқарады. 4 жыл бойы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болды. 2012 жылдың наурызында Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым бойынша коллегиясы (Министр) мүшесі Секретариатының басшысы лауазымына тағайындалды. 2015 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратын басқарды. 2016-2017 жылдары аралығында Өскемен қаласы әкімі қызметін атқарды.   

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети