ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қараша 2020 | 16:44
ШҚО ауруханасындағы жанжал. Бас дәрігер айыптауларға жауап берді
Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық ауруханасының бас дәрігері Баубек Әбілқасымов қоластындағы қызметкерлерінің сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық ауруханасының бас дәрігері Баубек Әбілқасымов қоластындағы қызметкерлерінің сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мұның алдында бірнеше медицина қызметкері оны өз өкілеттіктерін асыра пайдаланды және қаржылық алаяқтық жасады деп айыптаған болатын.
Әбілқасымовтың айтуынша, ауруханада 600-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Қараша айының ортасында кей медицина қызметкері өздерінің басшысына жеті тармақ бойынша айып таққан.
"Олар мемлекеттік бағдарламаны игеру үшін қосымша ақша кейбір қызметкерге төленбегенін жазды. Бұл ақша біліктілікті арттыру үшін төленеді. Бірақ бұл қаражат бүгінде толығымен 100 пайыз барлығына төленді. Құжаттардың барлығы 1С бухгалтерлік бағдарламасында көрінеді. Айта кетейік, бұл бағдарлама тек мен келген соң 2018 жылы енгізілді", - деді Әбілқасымов.
"Бұл бағдарлама басқа медициналық мекемелерде бұрыннан қолданылып келеді, бірақ бұл жерде қандай да бір себептермен енгізуге асықпаған. Бухгалтерлік есеп ескі әдіспен қағаз түрінде жүргізілген. Егер менде заңсыз әрекеттер туралы ой болса, мұндай бағдарламаны не үшін енгізер едім", - дейді бас дәрігер.
"Осы жағдайдан соң мен құжатқа қол қойғандардың барлығымен сөйлестім. Олардың бірі маған ренжігеніе айтты. Бір рет мен оны кабинетке шақырып, оның жалқау екенін және жұмыс істегісі келмейтінін айттым. Бірақ бұл қорлау емес, бұл менің оның кәсібилігіне берген бағам", - дейді ол.
ШҚО-да қызметкерлер бас дәрігерге қарсы шықты. Басқармадағылар жанжалға қатысты пікір білдірді
Баубек Әбілқасымов
Сондай-ақ, ол дәрігерлер өз хатында әйелі мен бизнесі туралы сұрақтар қойғанын айтты.
"Менің әкем Ұлы Отан соғысына қатысқан, кезінде оған Алакөл жағалауында жер берілген. Бұл учаскелер оның балаларына мұра болып қалды. Осы қызметіме келгенге дейін біздің отбасымыз өз учаскесінде демалыс орнына салды. Әйелімнің біздің ауруханада бір жыл жұмыс істемейтіні рас. Бірақ ол ақысыз демалыста, сондықтан ешқандай жалақы алып жатқан жоқ. Мұның бәрін есеп құжаттарынан көруге болады", - деді бас дәрігер.
Бұдан бөлек, Әбілқасымов өзінің қарамағындағы адамдарға ешқашан интим қызмет ұсынбағанын атап өтті.
Оның айтуынша, оқиғаның мән-жайын анықтау барысында бұл дәлелдер расталған жоқ.
"Жиналыста болған жағдайдан кейін барлығымен сөйлестім, кімге интим қызмет ұсынуым мүмкін болғанын сұрадым. Кейбіреулер олардың сөзі дұрыс жеткізілмегенін айтып, хатты дұрыс жазбағандарды анықтамақ екенін айтқан, - дейді бас дәрігер.
Ол қазір коронавирустың екінші толқынына дайындықпен айналысып жатқанын және қоластындағылардың әрекеттері аймақтың денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына нұқсан келтіруі мүмкін екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также