24 қараша 2020 17:09

ШҚО-да қызметкерлер бас дәрігерге қарсы шықты. Басқармадағылар жанжалға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ШҚО денсаулық сақтау басқармасындағылар Үржар ауданының №1 орталық аудандық ауруханасының дәрігерлері бас дәрігерге қатысты жанжал шығарғанына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ШҚО денсаулық сақтау басқармасындағылар Үржар ауданының №1 орталық аудандық ауруханасының дәрігерлері бас дәрігерге қатысты жанжал шығарғанына пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жайық Жұмақанов оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ауданға өзі барған.

"Сол жерде аудан әкімі ұжыммен жалпы кеңес өткізді. Бүгін арнайы комиссия құрылады, ол да сол жерге барып, барлық мән-жайды анықтайды. Жақын арада медициналық мекемеде аудит жүргізіледі", - деді Жұмақанов.

Сондай-ақ, ол дәрігерлердің әрқайсын жеке қабылдағанын айтып өтті.

Еске салайық, мұның алдында ШҚО-да №1 орталық аудандық аурухананың дәрігерлері мекеменің бас дәрігерінің жұмысын жалғастыруына ұжыммен қарсы шыққаны туралы хабарланған болатын. Аурухана қызметкерлері аймақтағы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына видеоүндеу жасаған және хат жазған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети