23 қараша 2020 07:49

Қызметкерлер бас дәрігерге қарсы шықты. ШҚО-да аудандық ауруханаға тексеріс келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі  сурет: Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

ШҚО-да Үржардағы № 1 орталық аудандық аурухананың дәрігерлері мекеменің бас дәрігерінің жұмысын жалғастыруына ұжыммен қарсы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ШҚО-да Үржардағы № 1 орталық аудандық аурухананың дәрігерлері мекеменің бас дәрігерінің жұмысын жалғастыруына ұжыммен қарсы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аурухана қызметкерлері аймақтағы Денсаулық сақтау басқармасының басшысына видеоүндеу жасаған және хат жазған.

Ұжым бас дәрігерге қарсы бірнеше айыптау айтты. Олар басшыны қызметкерлерге дөрекілік танытып, агрессия көрсететінін, үстемеақыны алып тастағанын, бұдан бөлек мейірбикелерді өзінің Алакөлдегі демалыс орнында жұмыс істеуге мәжбүрлейтінін және жас қыздарға интим ұсынғанын мәлімдеді.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіндегілер бұл жағдай туралы білетінін айтты. Ауруханаға облыстың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жайық Жұмақанов тексеру үшін аттанған.

"Үржар ауданындағы медициналық мекеме қызметкерлерінің видеоүндеуіне қатысты мынаны хабарлаймыз: бүгін ауданға облыстың Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жайық Жұмақанов кетті. Таңертең ұжыммен кездеседі және оларды толғандырған мәселелерді анықтайды", - деді ШҚО әкімдігіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети