20 қыркүйек 2018 | 17:11

ШҚО-да археологтар сәукелесі мен алтын әшекейлері бар көне заманғы арудың мүрдесін тапты

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарақаба қорымы. © Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты Қарақаба қорымы. © Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты

Шығыс Қазақстанда ғалымдар ерте көшпелілер кезеңіне жататын бұйымдарды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстанда ғалымдар ерте көшпелілер кезеңіне жататын бұйымдарды тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтына сілтеме жасап. 

"Шығыс Қазақстандағы Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ғылыми экспедициясына 2018 жыл таңғаларлық болды. Қазақстың Алтайында Қарақаба қорымындағы 100 жерлеу орнының бірінен дәрежесі жоғары болған адамның денесі табылды", - деп хабарлады институттағылар. 

Алғашқы жерлеу орындары біздің заманымызға дейінгі III-II ғасырдағы көшпелілер дәуіріне жатады. Ол археология ғылымында пазырық мәдениеті ретінде белгілі, оның ерекшелігі - әскер атымен және әбзелдерімен жерленеді. Институттағылардың айтуынша, Қазақстанның археология ғылымында адамдардың жерлеу орнынан алғаш рет музыкалық аспаптар табылған. 


Табылған заттарды алғашқы кейпінде сақтау үшін шақпақталған тау тақтатасынан жасалған жерасты конструкция құрылды. Алайда уақыт өте ол қирап қалыпты. Шұңқыр - тікбұрышты, кей жерлерінде ауытқулары бар. Қазылған шұңғырдан трапеция пішіндес шіріген ағаш жәшіктің қалдықтары табылды. 

Солтүстік жағында екі жылқының қалдығы табылды. Ал адам ағаш жәшіктің ішіне жерленген, басы шығысқа қаратылып оң жақ қырымен жатқызылған. Бас сүйегінің үстінен пішіні конус тәріздес, алтын тігістері бар бас киім табылған, ол қалыңдықтың дәстүрлі бас киімі - сәукелеге ұқсайды. 

"Алтын әшекейлер, бас киім, жамылғы түк және қоладан жасалған айнаның қалдықтары 2300 жыл бұрын қазақ Алтайында өмір сүрген келесі бір арудың денесі деп алдын-ала тұжырым жасауға болады. Бұрындары Қарақаба қорымындағы жерлеу орындарынан көне түрік дәуірінің ескерткіштерін тапсақ, биыл ерте темір дәуірінің, біздің заманымызға дейінгі III-II ғасырдың тұрғындарына тиесілі материал таптық", - деді "Қазақ Алтайының ертедегі көшпенділерінің көне түркі мәдени кешені" жобасының жетекшісі Зайнолла Самашев.

Бас киімнің қалдығы мен алтын бұйымдарды қалпында сақтап, зертханада зерттеп, толық ақпаратты анықтау үшін, олар монолит күйде шығарылып алынды. Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтындағылардың айтуынша, бұйымдар өңдеу мен реставрациядан өткен соң қосымша ақпарат беріледі. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети