ШҚО-да атыс болды деп, жалған видео таратқан адамға 10 миллион теңге айыппұл салынады немесе ол бас бостандығынан айырылады. Қаскүнемдерді қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін қазақстандықтарға мессенджерлер арқылы "Аягөз. Түнгі екі, атыс" деген атаумен видео жолданған. Кадрлардан көліктердің бір-бірін қуғаны, кейін атыс басталып кеткені көрінеді. Қаруланған жолаушы автомат қаруынан тәртіп сақшыларына оқ атқандай болады. Кейін видео үзіліп кетеді.
ШҚО ІІД өкілдері Аягөзде атыстың болмағанын айтып отыр.
"Мұндай видеоны тарап жатқанын біз білеміз, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев. - Атап айтамын, Аягөзге бұл видеоның еш қатысы жоқ. Оның үстіне, алдын ала мәлімет бойыша, ролик 2015 жылы Ресейде әлеуметтік желілерде таралған. Видео Ресейде түсірілген болуы да мүмкін. Бұл тіпті Қазақстан емес! Бұл видеоны таратқандарды жедел іздестіріп жатырмыз. Жауапты адамдар 5 000 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды (10 605 000 теңге) немесе 2 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады", - деді ол.