13 сәуір 2023 09:21

ШҚО-да ауруханада былапыт сөздер айтқан әйел қамауға алынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха ауданында науқас ауруханада былапыт сөздер айтқаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.


Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха ауданында науқас ауруханада былапыт сөздер айтқаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауыл тұрғыны аяғын жарақаттап алып, Шемонаиха аудандық ауруханасына келген. Ол қабылдау бөлмесіне келіп, кезекте отырған. Сол уақытта ол ашуланып, былапыт сөздер айта бастаған. Аурухана қызметкерлері полиция шақыруына тура келген.

Бұл оқиғадан кейін екі аптадан соң сот отырысы өткен. Шемонаиха аудандық соты былапыт сөз айтып, шу шығарған әйелді үш күндік әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған.

Еске салайық, 6 наурызда қоғамдық орында былапыт сөз айтқандарға салынатын айыппұл төрт есе көбейген болатын. Енді қоғамдық орында былапыт сөз айтқандар 69 мың теңге айыппұл (бұрын 17 250 теңге болған) немесе 15 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети