ШҚО-да әйелді тонап кеткен күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да әйелді тонап кеткен күдікті ұсталды polisia.kz/

ШҚО-да әйелді тонап кеткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да әйелді тонап кеткен күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алтай ауданының тұрғыны полицияға жүгініп, көпқабатты үйдің кіреберісінде белгісіз адамның оған бас салып, басын ауыр затпен ұрып, құжаттары мен ақшасы бар сөмкесін тартып алғанын хабарлаған.

"Полиция қызметкерлері жедел түрде жақын маңдағы дүкендер мен басқа да нысандардың бейнебақылау камераларын тексерген. Нәтижесінде күдікті 32 жастағы аудан тұрғыны екені белгілі болды. Тергеу барысында оның оқиға кезінде масаң күйде болғаны және әйелге мұз кесегімен соққы жасап, ашық түрде мүлкін иемденіп кеткені анықталды. Кейіннен күдікті ұрланған сөмкені қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар жүргізілуде, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети