14 сәуір 2023 | 11:30

ШҚО-да бөлініп кеткен мұз үстінде қалып қойған балықшылар құтқарылды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында бөлініп кеткен мұз үстінде қалып қойған балықшыларға құтқарушылар көмекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында бөлініп кеткен мұз үстінде қалып қойған балықшыларға құтқарушылар көмекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 сәуірде кешкі уақытта Тарбағатай ауданында болған.

"Тұғыл ауылынан 3-5 шақырым жердегі Зайсан көлінде екі балықшы жұқа мұз бетіне шыққан. Кешке қарай қайтып келе жатқан кезде мұз бөлініп кетіп олар 500-800 метр қашықтықта тас қараңғыда жағадан жырақта қалып қойды. Балықшылардың көмек сұрап айғайлаған даусын сол маңда жүрген тұрғындар естіп қалған. Бірақ олардың нақты орналасқан жерін көрмеді. Ал мұзда қайықпен жүру мүмкін емес еді, жаяу жүру де қауіпті болды", - делінген ақпаратта.

Тұрғындар құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына шұғыл жеткен аудандық ТЖБ қызметкерлері резеңке қайықпен балықшыларға көмекке аттанды. Сонымен қатар Өскеменнен департаменттің жедел құтқару жасағының мамандары су мен батпақты жерлерде жүруге қабілетті, өтімділігі жоғары «Шерп» автокөліктерімен жолға шыққан.

"Балықшыларды құтқаруға бірнеше сағат қажет болды. Себебі борпылдақ мұз бен қараңғылық жағдайды қиындатты. Балықшылар жұқа мұзда тоңып, әбден әлсіреп қалған. Құтқарушылар мен қайыққа мінген жергілікті тұрғындардың бірлескен әрекеті арқасында 45 және 44 жастағы екі адам аман-есен жағаға шығарылды. Балықшыларға медициналық көмек қажет болмады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети