Осыған дейін жемқорлық үшін сотталған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны үш жыл бойы заңсыз түрде ауылдағы мектептердің бірінің директоры қызметінде болған. Сотталған соң ол жұмысқа тұру үшін жеке куәлігіндегі тегін өзгерткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ШҚО Бесқарағай аудандық прокуратура аудандық білім бөліміне тексеріс жүргізіп, осыған дейін жемқорлық үшін сотты болған ер адамның үш жыл бойы мектепті басқарып келгенін анықтады.
"Ол 2011 жылы басқа мектептің директоры қызметінде болғанда біреудің мүлігін иеленіп, оны ысырап еткені үшін және қызмет бабында жалған құжат жасау баптары бойынша айыпты деп танылған. Сол жылы Семей қалалық № 2 соттың шешімімен 2 жыл 6 айға шартты түрде қамауға алынған болатын. Сондай-ақ, ол 5,5 жылға дейін мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарында қаржы-экономика маманы ретінде жұмыс істеу құқығынан айырылған болатын", - деді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.
Ал кейінірек ер адам қайтадан бұрынғы жұмысына қайтып келу үшін тегіндегі бір әріпті өзгерткен.
"Сондықтан ол ешбір кедергісіз мектеп директоры қызметіне орналасқан. Бұл деректі Бесқарағай аудандық прокуратура жүргізген тексерулерден кейін анықталған", - деді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта Бесқарағай аудандық прокуратура заңбұзушылық жайлы хабарларды. Мектеп директоры қызметінде болған ер адам жұмысынан босатылды.