ШҚО-да ер адам ертіп кеткен бала өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да ер адам ертіп кеткен бала өлі табылды Сурет: pixabay.com

29 тамызда кешке Зубовск ауылында жоғалып кеткен жеті жасар Эдуард Жилиев өлі табылды. Бұл туралы YK-news.kz және Polisia.kz хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

29 тамызда кешке Зубовск ауылында жоғалып кеткен жеті жасар Эдуард Жилиев өлі табылды. Бұл туралы YK-news.kz және Polisia.kz хабарлады.

Басылымдағы ақпарат бойынша, алдымен бұл мәлімет әлеуметтік желілерде пайда болған. Ауыл әкімі Владимир Морозов мұны растады.

Кейінірек полиция өкілдері пікір білдірді.

Баланың денесі ауыл маңында табылғаны және зорлық-зомбылық белгілері бар екені хабарланды. Тәртіп сақшылары баланы соңғы рет көрген 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

"Аталған дерек бойынша "Адам өлтіру" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәсін мойындады, ол Алтай ауданының ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді ШҚО ПД басшысы Сағат Мәдиев.

Еске салайық, кеше түн ортасында полицияға жеті жастағы баланың аулада жоғалып кеткенін айтып, ата-анасы хабарласқан. Анасының айтуынша, бала әдеттегідей аулаға ойнауға шыққан, бірақ біраз уақыттан кейін жоғалып кеткен

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети