ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулысында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына Жаңа жылды мейрамханалар мен кафелерде қарсы алуға мүмкіндік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері жаңа қаулысында Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына Жаңа жылды мейрамханалар мен кафелерде қарсы алуға мүмкіндік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
21 желтоқсанда күшіне енетін ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің міндетін атқарушының жаңа қаулысы бойынша жаңа жылдың алғашқы түнінде қоғамдық тамақтану нысандарына жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Алайда бірқатар шектеу әлі де сақтаулы.
"Көпшілік, жаңа жылдық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шаралар, конкурстар (интерактивті іс-шаралардан басқа), билерді өткізбей (өз үстелінен шықпай) бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және толтырылуын отыратын орындар санының 50 пайызынан асырмаған жағдайда 2020 жылғы 31 желтоқсаннан 2021 жылғы 01 қаңтарға қараған түні қоғамдық тамақтандыру объектілеріне сағат 07.00-ден 04.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілсін", - делінген қаулыда.
Алайда 2021 жылы 2 қаңтарда қоғамдық тамақтандыру объектілері үшін бұрын белгіленген жұмыс режимі, яғни сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін сақталады, 2021 жылғы 3 қаңтарда көрсетілген объектілердің жұмысы тоқтатылады.
Сондай-ақ, жаңа қаулыға сәйкес, ШҚО-да жаппай ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, жаппай отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге, ойын-сауық агенттіктерінің және үйде жаңа жылдық ойын-сауық қызметтерін көрсететін басқа да ұйымдардың жұмысына тыйым сақталады.
Алайда кинотеатрлар мен театрларлардың жұмысына рұқсат берілді.
"Толтырылуы 30 пайызға дейін, шахмат тәртібі бойынша отырғызу кезінде залдағы адамдар саны 100-ден аспаған жағдайда рұқсат етілсін", - делінген қаулыда.
Өңірде Өскеменге кіруге және шығуға шектеу сақталады.
ШҚО аумағындағы шектеу шаралары 2021 жылдың 4 қаңтарына дейін ұзартылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!