1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

ШҚО-да жолда қалған 26 көлік жолаушылары құтқарылды07 наурыз 2020, 14:09

Шығыс Қазақстанда облысындағы Омбы – Майқапшағай бағытында бірнеше көлік жолда қалып қойды, - деп хабарлайды Хабар 24.

Олар жүре алмай қалған Байбура учаскесі – аңызақ жел үзілмейтін ең қауіпті аймақтардың бірі. Құтқарушылар 26 көлікті қардан аршып, олардың сапарларын жалғастыруға көмектесті. Бұл шаруаға жол қызметі мекемесінің мамандары да атсалысты.

Жолаушылар эвакуациядан бас тартқандықтан, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оларды қауіпсіз жол бөлігіне дейін шығарып салды. Жолды барлаған құтқарушылар бұдан соң тағы бірнеше көлікті қардан шығарды. Тек бір ғана көліктегі адамдар эвакуациядан бас тартпай, Көкпекті ауданындағы өрт сөндіру пунктіне жеткізілді. Қазір жолды тазалау жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


ШҚО-да 12 сантиметр қар түсті