07 қазан 2022 09:05

ШҚО-да КамАЗ аударылып, 25 тонна күкірт қышқылы төгілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында КамАЗ аударылып, 25 тонна күкірт қышқылы жерге төгілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында КамАЗ аударылып, 25 тонна күкірт қышқылы жерге төгілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 5 қазанда Өскемен-Рахман қайнары тасжолының 227-шақырымында, Қатонқарағай ауданы Ново-Хайрузовка ауылының маңында болған. Автоцистернасы бар КамАЗ аударылып, соның салдарынан 25 тонна күкірт қышқылы төгіліп, ол 50 шаршы метр жерге жайылған.

"Күкірт қышқылын залалсыздандыру мақсатында аталған учаскеге 15 тонна әк төгілді. Енді департамент қызметкерлері жердің ластану деңгейін анықтау үшін оқиға орнына барып топырақ сынамасын алады. Ластану салдарын жою бойынша міндеттер күкірт қышқылын тасымалдаған "АМ Logistic" ЖШС-не жүктеледі", - деп хабарлады ШҚО экология департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, аталған деректің мән-жайын Қатонқарағай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети