ШҚО-да карантин ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да карантин ұзартылды © Әлихан Сариев

Шығыс Қазақстан облысында карантин 13 маусымға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында карантин 13 маусымға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстың бас санитар дәрігері Марат Исмаилов үкім шығарды.

"Облыста вирус жұқтырғандардың өсімі соңғы жеті күнде 9,3 пайыз болды. Өскеменде 14,3 пайыз, Семейде - 17,8 пайыз", - делінген қаулыда.

Осыған байланысты бас санитар дәрігер Шығыс Қазақстан облысына кіруге және облыстан шығуға тыйым салды.Сондай-ақ, аудан мен қала аралығында блокбекет арқылы көліктерді өткізу тек арнайы қызыл немесе көк түсті рұқсат қағазбен мүмкін екені айтылады.

Облыс, аудан және қала шекараларында дәрігерлер тексеріс жүргізеді дейді бас санитар дәрігер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.69  course down  588.2  course down  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети