06 сәуір 2020 | 12:50

ШҚО-да қашып кеткен әскери қызметкер табылды

Сурет: Instagram / @oo_osa_semey_vko

Шығыс Қазақстан облысында осыдан үш күн бұрын қашып кеткен әскери қызметкер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында осыдан үш күн бұрын қашып кеткен әскери қызметкер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық гвардиясының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери Знаменск ауылында ұсталды.

Реклама
Реклама

"ҚР ІІМ Өңірлік әскери-тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 441-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Осы дерек бойынша қызметтік тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске салайық, мұның алдында ШҚО-да әскери қызметкерге іздеу салынғаны хабарланған еді. "3 сәуірде 5511 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының әскери ату алаңының маманы (операторы) қатардағы жауынгер Жолдыбай Жанболат Асылханұлы әскери атыс алаңында болып, тұрғаннан кейін әжетханаға шығып, белгісіз бағытта қашып кетті. Осы уақытқа дейін қызмет орнына қайтқан жоқ", - делінген еді хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная