04 сәуір 2020 10:46

"Белгісіз бағытта қашып кетті". ШҚО-да әскери қызметкерге іздеу салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Instagram / @oo_osa_semey_vko Сурет: Instagram / @oo_osa_semey_vko

Желіде қызмет орнын тастап, жоғалып кеткен әскери адам туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 5511 әскери бөлімінде ер адамға іздеу жарияланғанын растады.


Желіде қызмет орнын тастап, жоғалып кеткен әскери адам туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 5511 әскери бөлімінде ер адамға іздеу жарияланғанын растады.

"3 сәуірде 5511 әскери бөлімінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету ротасының әскери ату алаңының маманы (операторы) қатардағы жауынгер Жолдыбай Жанболат Асылханұлы әскери атыс алаңында болып, тұрғаннан кейін әжетханаға шығып, белгісіз бағытта қашып кетті. Осы уақытқа дейін қызмет орнына қайтқан жоқ", - делінген Instagram-да тараған бағдарда.

Әскери бөлім өкілдері түсінік беруден бас тартты, бірақ қызметкерге іздеу жарияланғаны туралы ақпаратты растады.

Қағазда ер адамның бойы 162 сантиметр, денелі, шашы қара, қысқа екені жазылған. Ұлттық ұлан формасын киген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети