ШҚО-да курьер жарты келіге жуық есірткімен ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да курьер жарты келіге жуық есірткімен ұсталды Фото: polisia.kz

ШҚО-да курьер жарты келіге жуық есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да курьер жарты келіге жуық есірткімен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған интернет-дүкеннің "қоймашы-ораушысы" ретінде әрекет еткен Алматы облысының 19 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Күдіктінің уақытша тұрған жалдамалы пәтеріне санкцияланған тінту жүргізу кезінде ақ түсті ұнтақ тәрізді зат салынған бес полимерлі пакет және өсімдік тектес заты бар екі полимерлі пакет табылып, тәркіленген.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген психотроптық заттардың жалпы салмағы 495,32 грам болған. Тергеу барысында ұсталған азаматтың мессенджерлердің бірі арқылы есірткі таратушы ретінде жұмысқа тартылғаны, сондай-ақ белгісіз куратормен байланыс орнатып, одан тапсырмалар алып отырғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course down  609.28  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети