ШҚО прокурорлары аз қамтылған отбасыдан шыққан 9,5 мың баланың құқығын қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
ШҚО прокурорлары аз қамтылған отбасыдан шыққан 9,5 мың баланың құқығын қорғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Веломство мәліметінше, облыс прокуратурасы аз қамтылған отбасыдан шыққан 9 501 баланың, сондай-ақ 11 бизнес субъектісінің құқығын қорғаған.
"Талдау барысында мектеп асханаларында халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын (әлеуметтік көмек алатын, жетім, толық емес отбасылардан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және т.б.) және мемлекет есебінен тамақтанатын оқушылардың тамақтану нормалары (11-18 жас аралығындағы оқушылар 7-10 жастағы балалардың нормаларымен тамақтандырылған) заңсыз төмендетілгені анықталды", - делінген хабарламада.
Мысалы, 11-14 жас аралығындағы оқушыға арналған нанның нормасы күніне 35 грамм, ал 15-18 жас аралығында-күніне 40 грамм болуы тиіс, іс жүзінде балаларға нормадан 2 есе аз, яғни, күніне 20 грамм (6-10 жас нормасымен) нан берілген.
"Сонымен қатар, мектеп асханаларында тамақтандыру бойынша қызмет көрсететін 11 кәсіпкерден төлем кезінде қосылған құн салығын заңсыз алып отырған (620 теңгенің орнына 1 оқушы/күн, яғни ҚҚС есебімен 553 теңгеден төленген).
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша ШҚО білім басқармасының 7 лауазымды тұлғасы, оның ішінде, басшының орынбасары (осы бағытқа жетекшілік ететін) қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды".
Білім басқармасы өңірдің 9 501 оқушысына тамақтану нормаларын ұлғайтып, 11 кәсіпкерге заңсыз ұсталған сомасын өтеу үшін қайта есептеу жүргізіп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!