ШҚО-да мұғалім 22 миллион теңгеге мектеп сатып алды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да мұғалім 22 миллион теңгеге мектеп сатып алды Фото: gosreestr.kz

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылының мұғалімі 22 миллион теңгеге мектеп сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылының мұғалімі 22 миллион теңгеге мектеп сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аукционға қатысқан мұғалім ғимаратты бұзбайды, керісінше оны қалпына келтіруге ниетті.

Мектеп ғимараты 1970 жылы кірпіштен салынған. 2011 жылы ол пайдалануға жарамсыз деп танылып, биыл қаңтарда бар болғаны 187 000 теңгеге сатылымға шығарылған екен.

Аукцион нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес, жалпы ауданы 3489,6 шаршы метр болатын, екі қабатты мектеп ғимаратын "Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ сатылымға қойған. Аукционға төрт сатып алушы қатысқан. 

Ғимараттың жаңа иесімен байланысу мүмкін болмады, бірақ жағдайға электрон аукцион нәтижелерінің хаттамасында көрсетілген телефон арқылы пікір алынды.

"Сатып алушы - Жетіарал ауылындағы жергілікті орта мектептің мұғалімі. Ғимаратты ешкім бұзбайды, керісінше, оның бір бөлігінде спорт алаңы ашылады", - деп пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети