Шығыс Қазақстан облысында 34 552 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Әлібек Мақажанов брифингте мәліметті, - деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысында 34 552 адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Бұл туралы облыстық статистика департаментінің басшысы Әлібек Мақажанов брифингте мәліметті, - деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
"Өңірдегі жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды көрсетіп отыр. Ал облыс тұрғындарының орташа еңбекақысы 159 207 теңге. Осы орайда біздің өңірдегі жалақы деңгейі басқа аймақтармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін айта кеткен орынды", - дейді Әлібек Мақажанов.
Мәліметтерге сүйенсек, шығысқазақстандықтар мүмкіндігінше мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларға қатыстырылып жатыр. Облыста тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша әрекет етудің кешенді жоспары жүзеге асып жатыр. Әлібек Мақажановтың айтуынша, еліміздегі орташа еңбекақы мөлшері халықаралық стандарттарға сәйкес есептеледі.
"Біздің қызметкерлер орташа айлық жалақы мөлшерін есептеп шығарған кезде халық арасында үнемі түсініспеушілік туындап жатады. Тіпті, кей жандардың көкейінде: "Мен жүз мың теңгеден жоғары айлық алмаймын ғой. Сонда бұл қалай болғаны?" деген заңды сауалдың туындайтыны анық. Ал біздің бұған беретін бір ғана жауабымыз бар. Түптеп келгенде, мұның бәрінің өзіндік заңдылықтары бар", - дейді Әлібек Мақажанов.