12 қазан 2022 08:48

ШҚО-да өрттен миллиард теңге шығын келген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында 2-7 қыркүйек аралығында болған бес өрттен келген шығын бір миллиард теңгеден асады. Бұл туралы облыстық орман инспекциясы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, комиссия аяқтаған тергеу нәтижелері бойынша өрттің шығуына қолайсыз ауа райы, қатты екпінді жел мен құрғақ ыстық ауа райы себеп болса, ал өрттің таралуына жетуге қолайсыз таулы жер мен өрт ошағына жақын жерде су алатын жердің болмауы себеп болған.

Департамент өрттің шығуына ауылшаруашылық техникасын ұшқын сөндіргішсіз пайдалану, сондай-ақ тұрмыстық қоқыстарды жағу себеп болуы мүмкін екенін айтады.

"Нақты себебін анықтау үшін барлық материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылды", - деп қорытындылады инспекция.

Еске салайық, қыркүйекте болған орман өрттерінің жалпы ауданы 11 мыңнан аса гектарды құрады, оның 6500 гектары орманды алқап. Ал өртті сөндіруге 31 миллион теңге жұмсалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети