ШҚО-да прокуратура қызметкері Instagram желісінде жылдамдықты асырып келе жатқаны түсірілген видеомен мақтанды. Қолданушылардың айтуынша, жылдамдықты асырған прокуратура қызметкері түскен роликті Желіге Шығыс Қазақстан облыстық прокуратура қызметкерлерінің өзі жүктеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Автомобилистерге жәрдемдесу (ОСА) қоғамының сайтына сілтеме жасап.

Видео Автомобилистерге жәрдемдесу (ОСА) қоғамының сайтында жарияланған. "ШҚО прокуратурасының тергеушісі Еркебұлан Құдабаев Instagram желісіндегі парақшасында жылдамдықты асырып келе жатқаны түсірілген видеомен мақтанып, парақшасына жүктеген", - деп жазған қолданушы әлеуметтік желілерде жарияланған роликтің сипаттамасына.
Айта кетейік, видеода жүргізушінің тасжолда сағатына 220 шақырыммен келе жатқаны көрінеді. Ал видеодағы келесі кадрлар Өскемен қаласында түсірілген. Онда да жүргізуші жылдамдықты асырып, сағатына 90 шақырыммен келе жатады.
Бірақ бұл видеолардың қашан түсірілгені белгісіз.
Жылдамдықты асырған жүргізуші түсірілген видео Желіде жарияланған соң, Еркебұлан Құдабаев Instagram желісіндегі парақшасына шектеу қойды. Ал ШҚО прокуратурасындағылар Tengrinews.kz тілшісіне әлеуметтік желілерде таралып жатқан видео жайлы білетіндерін айтты.
"Қазір видеоматериалдар зерттеліп жатыр. Қызметкерге қатысты қандай да бір нақты шешім қабылдауға әлі ерте. Тергеу жүргізіледі", - деді ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер.