ШҚО-да сарбаз сүйіктісіне ұсынысын ерекше жолмен жасады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да сарбаз сүйіктісіне ұсынысын ерекше жолмен жасады

ҚР ҰҚК Шекара қызметі ШҚО бойынша департаменті Зайсан ауданы Шекара басқармасында ерекше жағдай орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҰҚК Шекара қызметі ШҚО бойынша департаменті Зайсан ауданы Шекара басқармасында ерекше жағдай орын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әскери ант қабылдау салтанатты рәсімінен кейін сарбаз қызына үйлену туралы ұсыныс жасады. Шығыс Қазақстан облысы Предгорное ауылының тұрғыны мерзімді әскери қызметші қатардағы жауынгері Олег Поликарпов шеру алаңында ғашығына көпшілік алдында оның әйелі болуын өтінді. Сүйіктісі тұрмысқа шығуға келісімін беріп, келесі көктемге дейін күтуге уәде етті.

Үш жүзден астам адам осы романтикалық эпизодтың куәгері болды.

7 мамырда Зайсан ауданы бойынша Шекара басқармасының 200-ден астам әскерге шақырылушылары Отанға адал болуға ант берді. Олегтің ата-анасы да салтанатты рәсімге келіп, ұлдарының маңызды шешіміне қатты қуанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚР ҰҚК Шекара қызметі (@shekaraknbkz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети