ШҚО-да су тасқыны кезеңіне байланысты жоғары дайындық режимі жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да су тасқыны кезеңіне байланысты жоғары дайындық режимі жарияланды Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстанда 1 ақпаннан бастап су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстанда 1 ақпаннан бастап су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

"Су айдындарында күнделікті мониторинг жүргізіледі. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар 160 000 текше метрден астам қар шығарды. Шығыс Қазақстанда су тасқыны қаупі бар 71 елді мекен бар, 15 елді мекенде қауіп толығымен жойылып, 46-ға азайтылды", - делінген хабарламада.

ШҚО ТЖ Департаментінің дағдарыс орталығында тәулік бойы жұмыс істейтін су тасқыны кезеңінен өту жағдайына мониторинг жүргізу бойынша штаб құрылған.

"Су тасқыны қаупі төнген кезеңде облыста жедел ден қою үшін жеке құрамның 1719 адамы, 224 мотопомпасы, құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың 83 жүзу құралы, сондай-ақ 750-ден астам техника топтастырылған. 29 000 дана қап, 1,9 мың тонна инертті материал және 226 тонна ЖЖМ дайындалды. Ықтимал ТЖ жағдайында эвакуацияланатын халықты орналастыру үшін қалалар мен аудандардың әкімдері жалпы сыйымдылығы 6500 адамнан асатын 68 уақытша орналастыру пунктін дайындады".

Құтқарушылар үйлерді аралап, су басу қаупі төнген халыққа нұсқау берген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети