03 мамыр 2022 | 17:57

ШҚО-да суға батып бара жатқан баланы оқушы мен студент құтқарып қалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ШҚО ТЖД Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысында ТЖД құтқарушылары суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған мектеп оқушысы мен студентті құрмет грамотасымен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысында ТЖД құтқарушылары суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалған мектеп оқушысы мен студентті құрмет грамотасымен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейде 1 мамырда балалардың бірі бетон блоктан өзенге секіріп, суға бата бастаған. Осы сәтте сол маңнан Семей құрылыс колледжінің 2 курс студенті Данил Кондратенко өтіп бара жатқан. Ол суға батып бара жатқан адамды көріп, көмекке ұмтылған. Данил баланы жағаға алып шыққаннан кейін оның сыныптасы Руслан Омаров алғашқы көмек көрсеткен. Кейін жәбірленуші жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылған.

"Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы бойынша Семей қаласының 2009 жылы туған екі тұрғыны суға батып бара жатқан баланы құтқарғаны үшін грамотамен марапатталды. Олар өте қарапайым және өздерін батыр санамайды", - деді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Жәбірленушіге келсек, ол әлі де дәрігерлер бақылауында.

Сурет: ШҚО ТЖД

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети