19 маусым 2020 | 19:06

ШҚО-да үш күн ішінде тыйым салынған заттарды түрмеге әкелудің бірден 5 дерегі тіркелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да үш күн ішінде тыйым салынған заттарды түрмеге әкелудің бірден 5 дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ШҚО-да үш күн ішінде тыйым салынған заттарды түрмеге әкелудің бірден 5 дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тексеру" алдын алу іс-шарасын өткізу барысында" тыйым салынған заттарды өткізудің 5 дерегінің жолын кесілді.

40 жастағы азамат ШҚО қылмыстық - атқару жүйесі департаментінің ОВ 156/20 ерекше режимдегі түзеу мекемесіне "Asu" су бөтелкесіне ішімдік құйып алып өтпек болған. Бірақ спирт ерекше иіс берген.

"Келушінің жеке заттарын тексеру кезінде ОВ 156/20 мекемесінің қызметкерлері 1,0 литр көлеміндегі алкоголь бөтелкесін тауып алды.

Алкогольды минералды судың бөтелкесіне жасырған азамат бұл ауыз су екенін мәлімдеді. Алайда, бөтелкеден алкогольдің ерекше иісі шықты.

Ыдыстағы сұйықтықтың құрамын анықтау үшін тәркіленген зат сараптамаға жіберілді.

Тағы бір мысал ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/1 тергеу изоляторында болды. "Қазпошта" АҚ филиалы арқылы тергеу қамауындағыларға сәлемдемені жіберген азаматша тосап салынған ыдысқа есірткі салып жіберген. Мекеме қызметкерлері айыпталушының көзінше оған келген сәлемдеменің ішінен көлемі 0,5 литр пластик ыдыстағы тосаптан ерекше иісі бар өсімдік тектес жасыл түсті затты тәркіледі. Алынған өсімдік тектес зат сараптамаға жіберілді.

Сонымен қатар, 50 метрлік тыйым салынған аймақ аумағында "Н" азаматы ұсталды. Жеке тексеру кезінде мекеме қызметкерлері азаматтан 2 ұялы телефон тауып, тәркіленді. Азаматтың айтуынша, ол екі телефонды сотталғандар үшін қоршаудан лақтырмақшы болған.

Сондай-ақ, ШҚО бойынша ОВ 156/15 қатаң туртіптегі мекемесінде жазасын өтеп жатқан "С" сотталғанға "Роллтон"тез дайындалатын кеспесінің ішіне телефонды тығып кіргізбек болған.

Тексеру барысында тез дайындалатын "Роллтон " кеспесінен"SAMSUNG" маркалы ұялы телефон тәркіленді.

Осындай дерек ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/18 мекемесінде орын алды, онда сотталғанға ұялы телефон беріп, оны "Сафари"шайының пакетіне тығып қойған.

Аталған деректер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес барлық тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін материалдар жиналған.

"Қойылған мақсатқа толық қол жеткізу үшін тексеру тобының қызметкерлері өз жұмыстарын ҚР заңнамасына сәйкес жүргізеді. Сотталғандарға кездесуге келген адамдармен тексеру алдында мекемеге тыйым салынған заттарды әкелуге жол бермеу туралы профилактикалық және түсіндіру әңгімелері жүргізіледі, сол арқылы оларға қолданыстағы заңнама талаптары бұзылған жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы ескертіледі, бұл туралы тиісті құжаттамаға белгі қойылады. Алайда, тұрақты ескертулерге қарамастан, келушілер талаптарды бұзуды жалғастыруда және күзетілетін аумаққа тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасауға тырысады", - деді ШҚО бойынша Қылмыстық - атқару жүйесі Департаментінің бастығы әділет полковнигі Ерсайын Нуртазинов.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети