ШҚО-да видеосы тарағаннан кейін басы дауға қалған әкім әрекетін түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да видеосы тарағаннан кейін басы дауға қалған әкім әрекетін түсіндірді видео кадры

ШҚО-дағы ауыл әкімі желіде резонанс тудырған даулы видео үшін тұрғындардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-дағы ауыл әкімі желіде резонанс тудырған даулы видео үшін тұрғындардан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әңгіме Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеухан туралы болып отыр. Жазбада ауыл тұрғындары әкіммен кездесуге келіп, оның қызметі туралы сұрақтар қойып жатқанын көруге болады. Әңгіме барысында олардың арасында дау туып, кейін әкім бейәдеп сөздер айтқан.

Бейнежазбаны түсірген автордың айтуынша, әкімнің қасында сол сәтте полиция қызметкері де болған.

Қуаныш Төлеухан бұл жағдай бойынша видеоүндеу жасап, түсініктеме берді. Ол өз ауылында туып-өскенін, ешкімді ренжіту немесе қорлау ниетінде болмағанын айтты. Сондай-ақ оқиға қоғамдық тыңдаулар кезінде болғанын түсіндірді. Жиын шамамен бес сағатқа созылып, пікірталас барысында эмоцияға беріліп, әдепсіз сөздер айтып жібергенін мойындады.

Төлеухан ауыл тұрғындарынан кешірім сұрап, өз әрекетінің орынсыз болғанын мойындады.

ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, бұл іс сотта қаралады.

"Полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") бойынша 36 жастағы азаматты жауапкершілікке тартты. Жиналған материал сотқа жолданды", – делінген облыстық ПД хабарламасында.

ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі 20 айлық есептік көрсеткіш (78 640 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды немесе 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алуды көздейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети