26 қаңтар 2020 | 13:38

ШҚО-да із-түссіз жоғалған 9 жастағы бала табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция қызметкерлері іздеу шаралары барысында 9 жастағы баланы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Полиция қызметкерлері іздеу шаралары барысында 9 жастағы баланы тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Семей қалалық Әуезов полиция бөлімінің мамандары бүгін таңғы уақытта Бобровка ауылының көшелерінің бірінен тапқан. Қазіргі уақытта баланы осы уақыт бойы қайда жүргенін тексеріп жатыр. Полицейлер оған тамақ пен ыстық шәй беріп, баланы ата-анасына тапсырды. Дәрігерлер баланы қарап шықты, оның денсаулығына қауіп жоқ. Оны іздеу шараларына 1200 адам - құтқарушылар, еріктілер және құқық қорғау органдары және 50-ге жуық техника жұмылдырылған. 

"Іздеу жұмыстарына ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды. Екі күн бойы Семей маңындағы Бобровка ауылының аумағы мен саяжай массивтері жіті тексерілді. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті 2-сынып оқушысын іздеуге белсенді қатысқан азаматтарға алғыс білдіреді. Еріктілердің арқасында іздеу шаралары біршама кеңейді, соның арқасында кәмелетке толмаған баланы қайда жүргенін анықтауға мүмкіндік берді", - делінген полиция хабарламасында. 

Айта кетейік, 24 қаңтарда Бобровка ауылында бала дүкенге шығып, қайтып үйіне келмеген. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети