ШҚО-да Зайсан көлінен екі балықшы құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да Зайсан көлінен екі балықшы құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінің тұрғындары балыққа шығып, өздігінен қайтып келе алмаған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінің тұрғындары балыққа шығып, өздігінен қайтып келе алмаған, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ШҚО ТЖД мәліметінше, оқиға 2 сәуірде Аманат ауылына жақын маңда Зайсан көлінің жағалауында болған. 

"Бес адам балыққа шыққан. Олар жағадан шамамен алты шақырымдай ұзаған уақытта, қайықтарына су кіре бастаған. Үш балықшы қайтып кеткен, ал екеуіне құтқарушылардың көмегі қажет болды", - деді төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің өкілдері. 

Құтқарушылар қайықпен екі адамды эвакуациялаған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети