24 сәуір 2021 | 13:23

ШҚО-да зейнеткер Екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған тапаншаны полицияға өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 1900 жылы жасалған "Браунинг" (Browning) маркалы тапаншасын полицияға тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны 1900 жылы жасалған "Браунинг" (Browning) маркалы тапаншасын полицияға тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 сәуірде Алтай ауданының полиция бөліміне 63 жастағы зейнеткер қару сатып алу акциясы аясында үш патроны мен қабы бар тапаншасын тапсырды.

Қару тарихи құнды зат болып шықты. 

Сот-баллистикалық сараптама бұл 1900 жылғы үлгідегі, 7,65 миллиметр калибрлі, зауыттық нөмірі 166710 "Браунинг" жүйесінің тапаншасы екенін анықтады, ол атыс қаруына жатады. Тапанша зауыттық әдіспен жасалған, ол атуға жарамды.

"Мұндай тапанша сол жылдары АҚШ пен Бельгия әскерлерінде болған. Аудан тұрғыны бұл қаруды Ұлы Отан соғысына қатысқан атасының алаңынан тапқанын айтты, ер адамның сөзінше, атасы дәл осы тапаншамен соғысқан", - дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Оқ-дәрілері бар атыс қаруы полиция департаментінің мұражайына тарихи құндылық ретінде беріледі.

"Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу жөніндегі комиссия құрамы зейнеткерге қару үшін 120 мың теңгеден аса қаражат төлейтін болады. Үш күн ішінде тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру акциясын өткізу барысында облыс бойынша тұрғындардан жеті миллион теңгеге жуық сомаға 110 қару қабылданды", - деді ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев.

Қазір ШҚО аумағында 20 сәуірінен бастап халықтан атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша республикалық акция өтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети