Шығыс Қазақстан облысы Пугачев орман алқабындағы бір өртті қоспағанда, барлық орман өрттері жойылды. Онда әскерилер екі тікұшақпен жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан облысы Пугачев орман алқабындағы бір өртті қоспағанда, барлық орман өрттері жойылды. Онда әскерилер екі тікұшақпен жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
11 қазан таңертең Шығыс Қазақстандағы барлық учаскелерде өрт сөндірілді. Тек Күршім ауданындағы Пугачев орман шаруашылығы аймағындағы өрт ауыздықталмады.
"Өрт аймағы белгіленіп жатыр. Онда сөндірушілер, әкімдік қызметкерлері, орманшылар жұмылдырылды. Барлығы 260 адам және 30-ға жуық техника. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің екі МИ-8 тікұшағы. Өрт аумағына жету қиын болғандықтан әскерилер тікұшақпен жеткізілді. Сонымен қатар, көлемі 35 тонна 14 су төгу жұмыстары жүргізілді. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген ТЖД таратқан хабарламада.
Құтқарушылар облыста өрт кезеңі жалғасып жатқанын атап өтті. Азаматтарды өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтап, қырағы болуға шақырды.
"Жауапсыздық пен немқұрайдылық, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау үлкен апатқа айналып, орны толмас зиян келтіруі мүмкін", - дейді ТЖД өкілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!