ШҚО-дағы орманның бірінен алапат өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-дағы орманның бірінен алапат өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысында Риддер маңындағы орман өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында Риддер маңындағы орман өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде куәгерлердің оқиға орнынан түсірген видеолары пайда болды. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, өрт ауылға қарай бағытталып бара жатыр. Ауыл тұрғындары өздігінен үй жануарлары мен техникаларын эвакуациялап жатыр.  

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті орман өртеніп жатқанын растады. 


Видео авторы: Әлібек Жүрпасов

"Бүгін 101 қызметіне Риддер орман шаруашылығының жанындағы Лесхоз кентінің тұрғындарынан шамамен екі гектар алқапта құрғақ шөптің жана бастағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына ШҚО ТЖД орман шаруашылығы және өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері келді. Өртті сөндіруге барлығы алты техника мен жеке құрамның 100-ден аса адамы жұмылдырылды", - деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі өкілдері.


Видео авторы: Әлібек Жүрпасов

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз, алдын ала болжам бойынша, отты абайсыз қолдану, бірақ тұрғындар қасақана өрт шыққанын мәлімдеді.

Айта кетейік, өңірде бірнеше күннен бері ауа температурасы жоғары. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети