ШҚО-дағы саңыраулар қоғамының басшысы 115 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-дағы саңыраулар қоғамының басшысы 115 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді Фото:depositphotos.com

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандық саңыраулар қоғамының "Шығыс" корпоративтік қорының басшысын алаяқтық жасағаны үшін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстандық саңыраулар қоғамының "Шығыс" корпоративтік қорының басшысын алаяқтық жасағаны үшін әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өз карточкалық шотына 115 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деп күдікке ілінген. Тергеу жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети