ШҚО екі Латвия азаматы есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін сотталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Турар Казангапов Фото ©️ Турар Казангапов

ШҚО екі Латвия азаматы есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ШҚО екі Латвия азаматы есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ШҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімі бойынша, екі Латвия азаматы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі 3-тармағының 1,3-тармақшалары бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

"Бұған дейін, 2024 жылғы шілдеде, облыс прокуратурасы ҰҚК ШҚО бойынша департаментімен қадағалау органының үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхананың анықталғаны туралы хабарлаған болатын.

Тінту барысында 125 келі мефедрон (630 мың бір реттік дозаға баламалы), 500 литр прекурсорлар және тәулігіне 30 келі синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін жаңа буынды зертханалық жабдық тәркіленген. Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 миллиард теңгеден асады", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс сотта 3 ай бойы қаралды. Сот процесі барысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденіп, мемлекеттік айыптаушы соттан 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға бағдар берді.

Сотталғандар жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro