ШҚО “жеке уақыт белдеуіне“ көшіп жатыр: үкімет бұған қалай қарайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО “жеке уақыт белдеуіне“ көшіп жатыр: үкімет бұған қалай қарайды? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарының "жеке уақыт белдеуіне" көшуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарының "жеке уақыт белдеуіне" көшуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында Жұманғарин қазір сағат белдеуі мәселесіне жетекшілік етпейтінін айтты, бірақ өз ойын білдірді.

"Әкімдіктің шешіміне келсек, біз бұл туралы бұрыннан айтып жүрміз. Оларда уақыт пен жұмыс кестесін өзгерту құқығы бұрыннан бар. Қазіргі уақытта осы жұмыстың басталғаны жақсы. Менің ойымша, бұл көптеген мәселені шешеді", – деді Серік Жұманғарин.

Бірқатар ауданның "жеке уақыт белдеуіне" көшу шешімін вице-премьер "дұрыс" деп атады.

Еске салайық, 5 қаңтардан бастап Катонқарағай ауданының 17 ауылы жұмыс күнін 08:00-де бастап, 17:30-да аяқтайтын "жеке" жұмыс кестесіне көшті, ал 24 ақпаннан бастап Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының тұрғындары да осы тәртіпке өтті.

Кеше, 5 наурыздан бастап, Зайсан, Күршім, Тарбағатай және Самар аудандарының тұрғындары да жұмыс күнін бір сағат ертерек бастайтыны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети