ШҚО жындыханасында адамдар ондаған жыл бойы құжатсыз өмір сүріп келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО жындыханасында адамдар ондаған жыл бойы құжатсыз өмір сүріп келеді Фото: © Устинка LIVE

Шығыс Қазақстан облысында 30-ға жуық пациент ондаған жыл бойы жындыханада құжатсыз өмір сүріп келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында 30-ға жуық пациент ондаған жыл бойы жындыханада құжатсыз өмір сүріп келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мекемеде жеке басын куәландыратын құжаты жоқ психикалық денсаулығы нашар адамдар тұратыны, тамақтанып, ем қабылдайтыны анықталды. 

ШҚО-да мұндай пациенттердің көбі Ұлан ауданы Жаңа Канайка ауылының ауруханасында жатыр. Олар туыстарын ғана емес көбі өзінің де кім екенін айта алмайды.

"Бізде барлығы 136 пациент бар, олардың 24-і құжатсыз, туыстары іздеп келмеді, көбінде өз өмірі есінде жоқ", - деді "Жаңа Канайка ауылының Шығыс Қазақстан облыстық психиатриялық ауруханасы" КМҚК бірінші басшысы Альмира Рағызбаева.

Мысалы, бұл ауруханада 1981 жылдан бері тұратын науқас бар екен.

"Мүлде құжаты жоқ пациенттер санаты бар. Біз, ең алдымен, оларға қаржыландыру, оның ішінде мүгедектігі бойынша зейнетақы алу үшін оларға құжат рәсімдеуге мүдделіміз. Бірақ біз мұны жасай алмай отырмыз, өйткені көші-қон полициясы істі сотқа жібереді, сот олардың жеке басын растай алмайды, өйткені бұл науқастар әлеуметпен байланыс жоғалтқан", - деді облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мирхат Мұқышев.

Оның айтуынша, бұл пациенттерге жеке куәлігі болмағандықтан ЖСН берілмеген, демек олар заңды түрде жоқ.

"Олардың ең жақын туыстары - біз. Олар басқа ешкімге керек емес. Ондай науқастарды басқалардың есебінен қамқорлыққа аламыз. Олар ауруханада жатқанына ондаған жыл өтті, санасақ бұл үлкен сома", - дейді Мирхат Мұқышев.

"Ұйымды қаржыландыру мәселесі оңай емес. Ақшаны Денсаулық сақтау министрлігі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы бөледі, біз бұл ақша үшін қор алдында есеп береміз. Медициналық құжаттарды көрсетеміз. Бұл пациенттер есепке кірмейді, ал оларға жұмсалатын шығын бар", - деп толықтырды ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети