06 сәуір 2022 15:16

ШҚО мен Абай облысы қалай бөлінеді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Шығыс Қазақстан облысында облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтіп, онда Абай өңірін құру жоспары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысында облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтіп, онда Абай өңірін құру жоспары таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоспар бойынша құрылатын Абай облысы аумағы - 185,5 мың шаршы шақырым. Облыс халқының саны - 638 мың адам.

Абай өңіріне облыстық маңызы бар екі қала - Семей және Курчатов қалалары, сондай-ақ сегіз аудан: Абай, Аягөз, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Үржар, Көкпекті және Ақсуат аудандары кіреді.

Бұл ретте Шығыс Қазақстан облысы аумағы - 97,8 мың шаршы шақырым, ал халық саны - 717 мың адам.

Шығыс Қазақстан облысына Өскемен және Риддер қалалары, сондай-ақ тоғыз аудан кіреді: Алтай, Глубоковский, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Ұлан, Шемонаиха, Самара, Тарбағатай.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Семей аумағында Абай облысын құруды ұсынған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети