Түркістан мен Шығыс Қазақстан облысында карантин ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Түркістан мен Шығыс Қазақстан облысында карантин ұзартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі коронавирус инфекциясын таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.
Дереккөз мәліметінше, Түркістан облысында карантин коронавирус бойынша жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылса, ШҚО-да карантин 31 қаңтарға дейін ұзартылды.
Түркістан мен ШҚО бас санитар дәрігерлері қаулыларға қол қойды.
ШҚО бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Хамит Илюбаевтың қаулысында өңірде карантин 18-31 желтоқсан аралығында екені және ол мерзім эпидемиологиялық жағдайға байланысты қайта қаралуы мүмкін екені айтылған.
ШҚО-дағы карантиннің ұзартылғаны туралы толығырақ мына жерден көре аласыздар.
Ал Түркістан облысының бас санитарь дәрігері Нұрбек Нышанов қаладағы шектеулерді коронавирусқа қатысты жағдай тұрақтанғанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған.
Түркістан облысында карантиннің ұзартылғаны туралы толығырақ мына жерден көре аласыздар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!