ШҚО-ның бөлінуі тұрғындар арасында қызу пікірталас тудырды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-ның бөлінуі тұрғындар арасында қызу пікірталас тудырды Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Шығыс Қазақстан облысын екіге бөліп, Абай облысын құру туралы жариялағаннан кейін жергілікті тұрғындар арасында қызу пікірталас туындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында Шығыс Қазақстан облысын екіге бөліп, Абай облысын құру туралы жариялағаннан кейін жергілікті тұрғындар арасында қызу пікірталас туындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Халық арасында 1997 жылға дейінгі Шығыс Қазақстан мен Семей облыстарының аумағы бұрынғы шекараларында қалды деген пікір кең тараған. Бұл аймақтардың шекарасын Тарбағатай және Көкпекті аудандары бөледі. Әлеуметтік желілерде қазір Көкпекті ауданының құрамына кіретін бұрынғы Самар ауданы тұрғындарының өздерін Шығыс Қазақстан облысының құрамына қайта бөлу туралы петициясы тарап жатыр (картада - 2б).

Бұдан бөлек, қазіргі Тарбағатай ауданының бір бөлігі 1997 жылға дейін Ақсуат ауданы (1А) ретінде Семей облысының құрамына кірді, енді осы жерлер жаңа әкімшілік-аумақ құрамына өтуі мүмкін.

Сондай-ақ, ШҚО құрамында бұрын болған Таврия, Марқакөл және Большенарым аудандарын бөлу мәселесі туындап отыр.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынған еді. 

"Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети