22 қараша 2020 11:30

ШҚО санитар дәрігерлері жаңа қаулыдағы ЖҚС-ға қатысты тармақты түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: Tengrinews.kz Иллюстрациялық сурет: Tengrinews.kz

ШҚО санитар дәрігерлері жанармай құю станциясына бару үшін алдын ала жазылу керек деген жаңа қаулыдағы тармақты түсіндірді. Бұл туралы ШҚО бойынша ТКҚСҚБ айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ШҚО санитар дәрігерлері жанармай құю станциясына бару үшін алдын ала жазылу керек деген жаңа қаулыдағы тармақты түсіндірді. Бұл туралы ШҚО бойынша ТКҚСҚБ айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"ЖҚС жұмысына қатысты, Шығыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің м.а. шығарған 19.11.2020 жылғы 24-1 қаулысына сәйкес, алдын ала жазылу тек автожуу, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу объектілерінің қызметіне қолданылатынын түсіндіреміз. ЖҚС штаттық режимде, шектеусіз және жазылусыз жұмыс істейді. ЖҚС қызметі тіпті ТЖ кезінде де шектелмеді", - деп хабарлады департамент өкілдері.

Еске салайық, шығысқазақстандықтар өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері шығарған жаңа қаулыдағы тармақты қызу талқылаған болатын. Ондағы талапты ақылға қонымсыз дегендер де болды. Құжатта былай делінген: 

Халықпен байланыс деңгейі төмен кәсіпкерлік субъектілер:

алдын ала жазылу бойынша, келушілер үшін күту бөлмесі/залы жабық болған кезде: автожуу, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу объектілері, ЖҚС...

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети