ШҚО тұрғыны балық аулағаны үшін 3 миллион теңге айыппұл арқалады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО тұрғыны балық аулағаны үшін 3 миллион теңге айыппұл арқалады

Шығыс Қазақстан тұрғынына балық аулағаны үшін 3 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің ресми сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алау сайтына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 26 сәуірде Бұқтырма балық инспекциясы бөлімі мен Алтай ауданы полициясының қызметкерлері бірлескен рейд барысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген заңсыз балық аулау фактісін анықтаған. Тінту кезінде полиэтилен пакетіне салынған салмағы 4,2 келі болатын таймен балығы табылды. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол Бұқтырма өзенінен балық аулаған.

Алдын ала келтірілген шығын 3,1 миллион теңге. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети