Синоптиктер шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, шілдеде республиканың барлық аумағында ауа температурасы климаттық норма шегінде болады.
"Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында болады деп күтілуде. Орташа көпжылдық мәндерден аз жауын-шашын мөлшері тек оңтүстік-батыс бөлігінде (Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы, Ақтөбе облысының оңтүстігі), орталықта (Қарағанды облысы және Балқаш көлі) және Алматы және Жамбыл облыстарының солтүстік жартысында ғана болады", - дейді "Қазгидромет" мамандары.
Шілде айында әр онкүндікте Атлант, Скандинавия және Кар теңізі аудандарынан суық және ылғалды ауа массасының басып кіруінің нәтижесінде суықтың қысқа мерзімді толқындары болжанады.
Еліміз бойынша жаңбыр, екпінді жел және ауа температурасының төмендеуі болжанады:
солтүстік жартысында түнде +7+12°С дейін, күндіз +17+23°С дейін;
оңтүстік жартысында түнде +13+18°С дейін, күндіз +25+30°С дейін.
"Шілде айында Қазақстанның солтүстік аймақтарында ауа температурасының негізгі аясы +25+33 градус, ал оңтүстікте +30+35 градус болады. Бірақ жеке күндері Иран мен Орта Азия аудандарынан ыстық тропикалық ауаның шығуы есебінен оңтүстік жартысында ауа температурасының +35+45 градусқа дейін айтарлықтай көтерілуі, ал солтүстік жартысында термометр бағаны +30+38 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады", - дейді синоптиктер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!