Шілдеде ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шілдеде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шілдеде ауаның орташа айлық температурасы республиканың басым бөлігінде нормадан 1-2 градусқа жоғары, еліміздің солтүстік жартысында норма шамасында болады деп күтіледі.

Қазақстан аумағы бойынша ауа райының антициклонды түрі басым болады деп болжанады, ыстық және жауын-шашын аз болады деп күтіледі, тек жекелеген күндері циклонның өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Жел екпіні 15-25 м/с күшейеді.

"Республиканың батысында шілденің бірінші онкүндігінде ауа температурасы біртіндеп төмендеуі мүмкін, түнгі уақытта термометр бағаналары +19+28 градустан +12+23 градусқа дейін, күндіз +30+38 градустан, оңтүстік-батыста +41 градустан +24+32 граудсқа дейін төмендейді.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы келесі шектерде сақталады: түнде +15+25 градус, күндіз +33+38 градус, кей жерлерде +41 градус; еліміздің оңтүстік жартысында түнде +20+30 градус, күндіз +37+45 градус, таулы аудандарда +30 градус, бірінші онкүндіктің соңында ауа температурасы 10-15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Ыстық ауа райы елдің шығысында да күтіледі, ауа температурасы түнде +12+20 градустан +20+28 градусқа дейін, күндіз +27+35 градустан +33+41 градусқа дейін жоғарылайды, онкүндік соңында ауа температурасы 7-10 градусқа төмендеуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Бірінші онкүндікте қысқамерзімді найзағай мен жаңбыр, желдің күшеюі (дауыл, құмды дауыл) еліміздің батысында және солтүстік-батысында, 5-7 шілдеде Қазақстанның солтүстігі мен орталығында, онкүндіктің аяғында оңтүстік және шығыс бөліктерінде болуы мүмкін.

"Шілденің екінші онкүндігі басында алдымен батысы пен солтүстік-батыста ауа температурасының жоғарылауы болжанған, кейін онкүндіктің ортасынан бастап бүкіл аумақта температуралық фонның жоғарылауы болжанады.

батыста және солтүстік-батыста: түнде +22+30 градусқа дейін, күндіз +33+43 градусқа дейін;

солтүстікте, орталықта және шығыста: түнде +15+23 градусқа дейін, күндіз +28+39 градусқа дейін;

оңтүстік және оңтүстік-шығыста: түнде +18+27 градусқа дейін, күндіз +35+43 градусқа дейін;

Үшінші онкүндікте еліміздің оңтүстік бөлігінде ауа температурасы түнде +10+17 градустан +17+25 градусқа дейін, күндіз +22+33 градустан +30+38 градусқа дейін, солтүстік жартысында түнде +5+13 градустан +13+20 градусқа дейін, күндіз +18+26 градустан +26+33 градусқа дейін ауытқуы күтіледі", - дейді синоптиктер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети