Шілдеде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шілдеде ауа райы қандай болады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет шілдеге арналған түзетілген маусымдық ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет шілдеге арналған түзетілген маусымдық ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Метеорологтар болжамы бойынша, шілденің бірінші онкүндігінде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аудандарында жаңбыр жауады, нөсер болады, күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Еліміздің оңтүстігінде құмды дауыл соғады.

Ыстық төмендейді деп болжанған:

  • елдің солтүстігінде, шығысында түнде + 10...+ 15, күндіз + 18...+28 градус;
  • республиканың орталығында түнде +10...+ 18 градусқа дейін, күндіз + 22...+28 градус;
  • оңтүстік-шығыста түнде +15...+ 20 градусқа дейін, күндіз + 22...+30 градус.

Тек республиканың батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы түнде +12...+17-ден +20...+28, күндіз +27...+32-ден +35...+43 градусқа дейін көтеріледі деп күтіледі.

Бірінші онкүндіктің аяғында, екінші онкүндіктің басында республиканың басым бөлігінде қайтадан күн ысиды.

  • республиканың батысында түнде +15...+22-ден +19...+25 градусқа дейін, күндіз +28...+33-тен +33...+38 градусқа дейін;
  • солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +7...+17-ден +15...+23 градусқа дейін, күндіз +17...+27-ден +30...+37 градусқа дейін;
  • оңтүстікте және оңтүстік-батыста түнде +14...+23-тен +20...+28 градусқа дейін, күндіз +30...+36-дан +35...+43 градусқа дейін;
    оңтүстік-шығыста түнде +10...+18-ден +17...+25, күндіз +25...+36-дан +33...+40 градусқа дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети