Ішінде жүкті әйел болған. СҚО-да жедел жәрдем көлігі аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішінде жүкті әйел болған. СҚО-да жедел жәрдем көлігі аударылды

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасында жедел жәрдем көлігі аударылып түсті. Көлік салонында жүкті әйел болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасында жедел жәрдем көлігі аударылып түсті. Көлік салонында жүкті әйел болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Апат таңертең Петерфельд ауылының маңында болды. Жедел жәрдем көлігі Петропавлға қарай бір бағытта келе жатқан жеңіл автокөлікпен соқтығысты. Оқиға орнында түсірілген кадрларды куәгерлер әлеуметтік желілерге жариялады.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН (@dtp_sko)

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан бірнеше адам зардап шеккен. Бұл жедел жәрдем жолаушысы және жеңіл көліктің екі жолаушысы, біреуі ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар, шұғыл түрде медициналық мекемеге 28 жастағы жүкті әйел жеткізілді, ол таңертең перинаталды орталыққа ауруханаға жатқызылды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апаттан кейін бірден ауруханаға түскен науқас аман-есен босанды. Ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық.

Қазір жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша соталды тергеу жүріп жатыр, сараптама тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети